Выберите свой Регион
Менің сынып жетекшім

Әрбір оқушының сынып жетекшісі болады.Ол сынып жетекші оқушының

мектептегі анасы, ақыл – кеңес берушісі болып табылады.

Мен 1 сыныпқа барғанымда, маған әліппені үйреткен ең бірінші сынып

жетекшім, ол « Көбегенова Гүлмира » апай еді. Гүлмира апай бізге: «

Ешқашан жалған сөйлемеңдер!» « Шындықты жасырмаңдар!»

дейтін.Гүлмира апай егер ұлдар төбелесіп қалса, оларға асықпай, байыппен

бұл қылықтары жаман екенін түсіндіретін. Гүлмира апай бір қызығы біздің

тырнағымыздың өсуін қатты қадағалайтын.Егерде тырнағымыз өсіп

кетсе, ұл-қызыңа қарамай, өзінің 100 сантиметрлік сызғышын алып бір

соғып қалатын.

Кейін мен басқа мектепке ауыстым, ол мен 2014 жылы бітірген

№152 Ж.Б.Б. мектебім. Менің бұл мектептегі сынып жетекшім

«Маметханова Махаббат Тоқтарқызы» бұл мұғалім жас болса да, бізге

сапалы білім береді. Махаббат апай бізді сынып жетекшілікке алғаннан бері

9 «Ә» сыныбының тәртібі, білімі бір сыпыра жақсы болды деуге

болады.Махаббат апай басқа сынып жетекшілерге қарағанда ерекше

мұғалім. М.Махаббат апай қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінен

береді.Шындығында біз Махаббат апайдың сабақтары болғанда, бір-

бірімізбен тек қана қазақ тілінде сөйлесуге тырысамыз. Махаббат апай

бізбен көптеген ашық тәрбие сағаттарын, жарыстар, концерттер көптеп

ұйымдастырып тұратын. Маған осы жағы қатты ұнайды. Себебі, біз

кішкене болсын өнерге жақындаймыз, ашыламыз. Махаббат апай бізді

Отан сүйгіштікке, елінің патриоты болуға жақсы тәрбиелейді.

Біздің Махаббат апай биязы, жуас, әрқашан көмек беретін мұғалім

еді.Егер қолына бір жұмыс алса, соны аяғына дейін апаратын, қайтпас

қайсар ұстаз.

Халық даналығы айтып кеткендей: «Ұстазы бардың, ұстамы жақсы»

демекші, біз сыныбымызбен Қазақстан Республикасында Маметханова

Махаббат апай секілді педагогтар көп болса екен дейміз!!!

819
Автор статьи
Популярные статьи

«12 месяцев» - сеть магазинов отделочных и строительных материалов по всему Казахстану.

2288
04 Ноября 2015
ТОО «Строй-инвест» это динамично развивающаяся инженерно-строительная компания, которая входит в число лучших на...
1572
26 Октября 2015
Astana Trans - транспортная компания занимающиеся своевременной доставкой транспортных средств по установленному месту назна...
1428
30 Октября 2015
КНАУФ - международная компания, основанная на принципах семейного бизнеса и при этом сумевшая сохранить все ценности, несмот...
1360
30 Октября 2015

AstudioDesign студия - это дружный коллектив профессионалов, творческих людей увлеченных своим делом.

1358
29 Октября 2015
Фильтр
Найдено 5 
Подтвердите
Для того, что бы добавить товар в список желаний, Вам нужно