Выберите свой Регион
Сүйіспеншілік - өзін-өзі танудың негізін қалаушы құндылық

Адамның өмірдегі өз орнын таба білуі, оның маңыздылығын

ұғына алуы және де ең бастысы өзін - өзі тани білуі өте маңызды болып

табылады. Ежелгі грек философы Фалестің “Өмірде ең қиыны – өзіңді

өзің тануың”,- деп айтқан ойын, грек халықтарынан қалған өмір

формуласы деп айтуымызға әбден болады. Қазіргі техника мен сан

қырлы технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында, әлемдік

дамудың барысында әрбір мемлекетте ізгі қоғамға қол жеткізу басты

мәселелердің бірі болып отыр. Жалпы қоғамды өзгертуші күштің бірі

адам болағандықтан, қоғамның ізгілігі адамдардың іс-әрекетінің,

мәдениеттілігіне және өзіндік болмысын сақтап қалуына септігін

тигізеді. Сондықтан еліміздің әрбір оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге

асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – “Өзін - өзі тану” рухани-

адамгершілік білім жобасын айтуымызға болады. “Өзін - өзі тану”

жобасы - гуманистік сипаттағы, тұлғалық бағдарлы, дамыта оқытудың

тәжірибеден өткізілген бірегей үлгісі болып табылады.

Қазіргі жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде уақыт талабына сай

болуы С.А.Назарбаеваның “Өзін - өзі тану” білім жобасының негізінде

оқу жоспарына жаңа пәннің еңгізілуінің қажеттілігін айқын аңғартты.

Өзін-өзі тану жобасы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым

Министірлігінің 2006 жылғы 20-шы тамызында шыққан №468-ші

бұйрығына сәйкес бекітілді. Ең алғаш “Өзін-өзі тану” пәнінің

мемлекеттік стандарттарына сәйкес бастауыш мектептің 1-ші және 4-

ші сыныптарына арналған арнайы тақырыптық үлгі - жоспары

құрастырылып, қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдардан басталып,

жоғарғы оқу орындарында да оқытылып жатыр. Бұл дегеніміз өзін-өзі

танудың қоғамға қажеттілігін, тиімділігін көрсетіп отыр.

Егерде адам өмірінде өзін-өзі тануға талпынбаса, оның қолынан

өзге адамдарды танып түсіну және оларға көмектесе білу де келмейді.

Бірақ та Джерсидтің ойынша, адамның өзін - өзі тануында жеткілікті

мөлшерде жүректілік қажет және өз рефлексиясының нәтижелері

қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауына мүмкіндік беретіндей

белгілі мөлшердегі обьективтілік қажет деп санады. Сондықтан да

адамның өзіндік “Менін” толық түсінуі дегеніміз – “өзін тануы”,

“өмірді тануы”, “адамдарды тануы” және “әлемді тануы” туралы

мәселелерін жан-жақты ұғынып, талдап, зерделеуі ғана емес, сонымен

қатар оларды тану арқылы адамның рухани - адамгершілік дамуына

ықпал ететін сапалар мен қасиеттерді, құндылықтарды үйренуді,

өмірде орынды қолдануды және оларды дамыта отырып келешек

ұрпаққа дұрыс жетізуді білдіреді. Дегенмен де, адам өзін “басқа

адамдармен бірлестікте”, яғни өзін адамдармен қарым-қатынаста тануы

барысында, өз бойындағы махаббат, достық, жолдастық, ізеттілік,

қайырымдылық және сүйіспеншілік секілді құндылықтарын танып

зерттеуге және қалыптастыруға мүмкіндік алады. Осы қарастылып

жатқан құндылықтарды түсіндіріп мәнін ашу үшін ең алдымен

құндылық ұғымына тоқталып өтейік.

“Құндылық” ол адамдарды ізгілікке, жақсылыққа, ақиқатқа

апаратын бірден бір жол. Адамның жақсылыққа, ақиқатқа ұмтылысы,

сүйіспеншілікті сезінуі бойында адамгершілік құндылықтардың бар

екендігін көрсетеді.

Қазіргі уақытта осы адамгершіліктік құндылықтарға негізделген бес

негізгі құндылықтар қолданылуда. Олар: сүйіспеншілік, дұрыс әрекет,

қиянат жасамау, ішкі тыныштық және ақиқатты тану. Біріншсіі

сүйіспеншілік – адам жанының асыл қасиеті, рухына қанат беретін ең

күшті, ең тұрақты, ең ұлы сүйіспеншілік сезімі. Екіншісі дұрыс әрекет

– ол адамның жүрек түкпірінде туындайтын, содан соң сөз түрінде

беріліп және іс жүзінде жүзеге асырылатын құндылық. Үшіншісі

қиянат жасамау – шындықпен өмір сүру, мінез-құлқы мен ішкі

тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған жемісті нәтижені айтамыз.

Төртінші ішкі тыныштық. Яғни, бұл адамның ішкі жан дүниесі

тынышталса, оның отбасында да тыныштық орнайды деген сөз. Егерде

отбасымызда тыныштық орнаған болса демек, қоғамымыз да тыныш

болды, онда мемлекетімізде де тыныштық орнайды деген сөз. Соңғысы

бесінші құндылық ол – ақиқат яғни, шындықтың көзіне тура қарау.

Қандай жағдай болмасын ақиқатты жалғаннан ажырата білу болып

табылады. Осы құндылықтардың ішінде ең бір асылы сүйіспеншілік

болып табылады. Ұлы данышпан Абай атамыз “Адамның жақсысы-

адамға сүйіспеншілікпен қарағандар” дегендей, адамның өзгелерге

деген қатынасының бастауы оларды жақсы көруден, силаудан және

оларға деген сүйіспеншіліктен басталады.

Сүйіспеншілік ол өзгелерге көрсетілетін ыстық бауырмалдық сезім.

Бойындағы сүйіспеншілікті көрсетуі адамның өзіне қымбат жандарға

деген сезімін сөзімен де, ісімен де білдіріп отыруын айтамыз.

Сүйіспеншілік ұғымын грек ойшылы Платон сезімдік махаббат және

рухани махаббат сезімдері деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік

махаббат адам жанының ынтық болатын, сұлу нәзік сезімі. Ал, рухани

махаббат сезімі адамның белсенді танымдық қызыметінің қайнар

бұлағы деп көрсетті. Сонымен бірге адамдарда сүйіспеншілік туындап,

оның бағыттылығына байланысты әртүрлі түрлерін байқай аламыз.

Сүйіспеншілік тұтас бір ұғым болғанымен де, оны танытудың

көптеген түрлері кездесіп жатады. Мысалы, өзімшіл сүйіспеншілік,

өзара сүйіспеншілік және ең бастысы риясыз сүйіспеншілік. Ал риясыз

сүйіспеншілік танытуда ең басты ерекшелік адамдардың бәріне бірдей

нұр шуағын шашушы, ештеңе қажетсінбестен, қайтарымын

сұрамастан, барлығына бірдей көмектесіп, қол ұшын беруін айтамыз.

Біз басқаға деген сүйіспеншілікті дамыту арқылы өзгелердің де бізге

сондай керемет сүйіспеншілікпен қарауын күте аламыз. Өзгелерге

деген риясыз сүйіспеншілік таныту арқылы өзгелерге шын жүректен

көңіл бөлуге, олардың қайғысына ортақ болуға немесе сезімін түсінуге

және оларға қамқорлық жасауға талпындырады. Ал кейде осы

сүйіспеншілікті танытуға мына секілді кедергілер тосқауыл болып

жатады. Оларға менмендікті, ашу-ызаны, қызғаныш пен өтірікті,

сабырсыздықты, сараңдықты және де барлық бұрыс әрекеттерді

жатқыза алмыз.

Байқағанымыздай сүйіспеншілік өте қуатты энергия секілді. Біз

өзгелерге деген сүйіспеншілік сезімімізді білдіре отырып одан күш -

қуат аламыз, сезінеміз. Ал адамда сүйіспеншіліктің жетіспеуі, ол

қуаттың аздығымен сипатталады. Демек, өзгелерге сүйіспеншілік

танытуымыз үшін де, қуатымыз күшті болуы керек екендігін байқадық.

Сонымен қатар қазіргі жаңа бағыттағы өзін-өзі тануда

сүйіспеншіліктің мына секілді берік ұғымдары қалыптасқан. Яғни,

оқушылардан талап етуден бұрын оларға өзіміз қол үшін беруіміз

қажет; өзіміз үйрете отырып шын жүректен көмектесуіміз қажет;

дамыту арқылы бойларындағы ерекшеліктерін ашуға талпына білуіміз

қажет; өзгелерден сұрамас бұрын ең алдымен өзіміз беруіміз қажет

және де ең соңғысы нәтиже күтпес бұрын сол үрдіс барысында

нәтижеге қол жеткізе алатын жағын көре алуымыз қажет. Демек, адам

өзгелерден сұраудың орнына ең алдымен өзі соны өзгелерге бере алуы

қажет. Сонда ғана өзге адамдарда шын ниетпен, сүйіспеншілік таныта

отырып көмек қолын созуға тырысады. Тағы да бір айта кететін

жағдай, қоғамымыздағы өтіріктің, алдап-арбаудың, жасампаздықтың,

зорлық-зомбылықтың көбейіп кең етек жайып келе жатқандығында. Ал

бұндай жағдайдың бірден-бір себебі адамдардың бір-бірлеріне

сүйіспеншілікпен, махаббатпен қарамауында. Себебі біздің өзгелерге

қандай әрекет жасауымыз, басқаларды да бізге сондай әрекетпен

қарауға итермелейді. Егер де біз өзгелерге риясыз, қайтарым күтпестен,

тек жақсылық тілеу арқылы, әрбір әрекетімізді сүйіспеншілікпен

жасайтын болсақ, өзгелердің да бізге сондай сүйіспеншілік таныта

алатындары сөзсіз.

Кезінде Тереза ана “Ұлы нәрсе іздемеңдер, алайда кішкентай істі

ұлы сүйіспеншілікпен жасаңдар”,- деп айтып кеткендей барлық істен

ұлы сүйіспеншілікке толы, ұлы істер жасауға тиіспіз. Себебі, Тереза

ана да өзгелерге көмек қолын созғанда ешқашан қайтарымын

сұрамады, өзі ішіп-жемеседе де өзгелерге берді, кедейсің немесе

жамансың деп бөлмеді, алдына келген адамдарға күліп қарап оларды

паналатып, асын беріп, тек жақсылық тіледі. Мұның бәрі риясыз

болды. Сондықтан да оны халақ “Тереза ана” деп атап кетті.

Қорыта айтқанда “Өзін - өзі тауда” әрбір құндылықтарды,

қасиеттерді оқытып, әрбір тұлғаны тәрбиелегенде оларды керемет

рухани күш иесі деп қарап, демеу көрсетсек, жігерлендірсек, жүрегі

нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұратын мейірімді,

адамгершілігі мол, Отанын, елін, отбасын сүйетін ұрпақ тәрбиелеп

шағаратынымыз анық. Неміс ақыны Ф.Логау “Өзіңмен өзің түскен

күрес - ең қиын күрес, ал өзіңді өзің жеңген күрес ең ұлы жеңіс”

дегендей ең алдымен барлық жақсылық бастауын өзімізден

бастағанымыз жөн.

2456
Акбаян Бижанова
Акбаян Бижанова
Автор статьи
Даша Букина
Редактор статьи
Популярные статьи

«12 месяцев» - сеть магазинов отделочных и строительных материалов по всему Казахстану.

1462
04 Ноября 2015
ТОО «Строй-инвест» это динамично развивающаяся инженерно-строительная компания, которая входит в число лучших на...
1010
26 Октября 2015
Astana Trans - транспортная компания занимающиеся своевременной доставкой транспортных средств по установленному месту назна...
962
30 Октября 2015
КНАУФ - международная компания, основанная на принципах семейного бизнеса и при этом сумевшая сохранить все ценности, несмот...
946
30 Октября 2015

AstudioDesign студия - это дружный коллектив профессионалов, творческих людей увлеченных своим делом.

902
29 Октября 2015
Фильтр
Найдено 5 
Подтвердите
Для того, что бы добавить товар в список желаний, Вам нужно