Выберите свой Регион
Студенттердің шығармашылық белсенділігін клубтық іс-әрекет арқылы қалыптастыру

Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі

жастарымызға тікелей байланысты – деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

айтып өткендей еліміздің болашағы – жастар. Жастарымыз таусылмас

күш пен сарқылмас қайраттың нышаны іспеттес. Қазіргі білім сапасы

талап етіп отырған басты мақсаттардың бірі ол – шығармашыл тұлға

қалыптастыру мәселесі болып отыр.

Бүгінгідей жаһандану заманында болып жатқан қарқынды

өзгерістер білім беру сапасына да өзіндік жаңа талаптар қойып отыр

десек қателеспейміз. Жаңа талаптар қою арқылы, жаңа заман жастары

қандай болуы қажет екендігін айқындап беруде. Себебі қазіргідей

сағат сайын өзгеріп отырған уақытта алға қарай асықпай адымдап

қадам басудың өзі маңызды. Қазіргі таңда шығармашыл болудың

маңызы қаншалықты?» және де «ХХІ ғасыр студенттері қандай болуы

керек?» «ХХІ ғасыр оқытушыларына қандай талаптар қойылу қажет?»

деген секілді көпшілік көкейінде жүрген сұрақтардың бірі осылар.

Десек те, бұл сұрақтарға барлығымыз бір ауыздан жаңашыл,

шығармашыл, жаңа технологияларды меңгерген, мәдениетті және т.б.

жауап беруіміз қалыпты құбылыс.

Елбасымыз өзінің әрбір сөзінде «Ел ертеңі-жастар» екенін

айтудан жалыққан емес. Соның ішінде білімді, жан-жақты дамыған,

жаңашыл, рухани бай және ең бастысы ұшқыр ойлы шағармашыл

жастар. Десек те, қазіргідей барлығы тез дамып жатқан жаһандану

заманы оқытушыларының да, студенттерінің де ішкі жан дүниелері,

ойлау көкжиектерінің жаңаша деңгейде болу қажеттігін талап етуде.

Қазіргі жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас

дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік

негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-

жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Сондықтан да қазіргі таңда студенттердің шығармашылық

белсенділігін клубтық іс-әрекеттер арқылы арттырудың маңыздылығы

артуда.

Шығармашылық ол - бүкіл тіршіліктің қайнар бұлағы. Бүгінгі

жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі бағдары – студенттердің

шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірге

дара тұлға етіп даярлау болып отыр. Дегенменде, өткен уақыттын

қайсысын алып қарасақ та шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі

ғалымдар мен ойшылдардың назарынан тысқары қалған емес.

Мамандар шығармашылық қабілетті дамыту тұлғаны

дамытудағы ең басты бағыттарынң бірі деп қарастырып отыр. Өйткені

шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен,

бірегейлігімен, өзіндік қиялдың болуымен және де жаңашылдығымен

ерекшеленеді. Белсенді шығармашылық жұмыс жасау барысында

студенттердің өзіндік ізденістері мен қиялдары, логикалық ойлау

қабілеттері және ең бастысы тәжірибемен ұштасыра алудағы

маңыздылықтары бағаланады.

Р.Сүлейменов шығармашылық белсенділік әрекеттін былайша

сипаттап өткен болатын. Яғни, «Шығармашылық еңбекте студенттің

іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдығынан туатын толық

дербестігі айқын көрінуі тиіс». Шығармашылық жұмыстар

студенттердің дүниетанымына, ізденімпаздық қабілетінің дамуына,

тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар өздігінен ой

қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл

байлығын арттыруға жәрдемдеседі деп көрсетеді. Қазіргі таңда

көпшілік ортада қолданылып жүрген «клуб» сөзі XVIII ғасырда

ағылшын тілінен орыс тіліне енген, «адамдар бірлестігі» деген

мағынаны білдіретін кірме сөздердің бірі болып табылады. Жалпы клуб

деп отырғанымыз – мақсаттары, мүдделері, қызығушылықтары бір

адамдардың ерікті бірлестігі.

Клубтық жұмыстар негізінен шығармашлыққа бағытталған

болып келеді және де белгілі бір тақырып немесе тапсырмалармен ғана

 емес, мүшелерінің өз еріктерімен және бастамаларымен жүзеге асырып

келе жатқан жұмыстарымен де ерекшеленеді. Клуб ішінде

шығармашылық жұмыстар атқару барысында өзара еркін қарым-

қатынас орнап бір-бірлеріне деген жағымды орта қалыптаса бастайды.

Әрбір клубтық жұмыстың өзіндік мақсат-міндеттері, атқаруға тиіс

жұмыстары, алға қойған міндеттері мен жоспарлы түрде жасалу керек

жұмыстары болады. Қазіргі таңдағы әрбір жоғарғы оқу

орындарындағы түрлі тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда клуб

жұмыстарының алатын орны ерекше.

Түрлі клубтық жұмыстар арқылы студенттердің :

-         Шығармашылық қабілеттері дамиды;

-         Өзін-өзі еркін ұстаулары қалыптасып, жағымды орта

қалыптастырады;

-         Жеке тұлғалық қасиеттері бағаланады;

-         Әр түрлі қызығушылықтары мен бейімділіктері анықталады;

-         Өз-өздерін көрсетуге, қабілеттерін жаңа қырларынан ашуға және

т.б. мүмкіндіктер алады.

Негізінен қандай да бір шығармашылық бірлестік жұмысының

нәтижелі болуы алдымен ұйымдастырушының шеберлігіне

байланысты болады. Осыдан келіп бүгінгі білім беру саласындағы

басты міндеттердің бірі болып отырған, білім мазмұнына жаңалық

енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра

алатын оқытушыларды даярлау маңыздылығы туындайды.

Сондықтан да бүгінгі таңда, осы салада арнайы кадрлардың

даярланып жатқанғы қуантарлық жәйт болып отыр. Шығармашылық

жұмыс барысында жан-жақтылықты дамыту арнайы ұйымдастырылған

тәрбие жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Дегенменде, жаңа

технологияның қарқындап дамып отырған заманында жастардың

басым көпшілігі өздерінің бос уақытын компьютер алдында өткізеді.

Бұл қынжылтарлық жағдай. Н.А. Бердяев өз сөзінде шығармашыл болу

ол әрбір адамның жер бетінде орындауға тиіс миссияларының бірі-деп

айтып өткен болатын.

Демек, мақсат - айқын, міндет - біреу сондықтан болашақтың

іргесін мықты етіп қалау, алдағы уақытта дамығын, бәсекеге қабілетті

елдердің қатарына ену білімді де білікті, шығармашыл жастардың

қолында. Сондықтан да шығармашылық белсенділікті клубтық іс-

әрекеттер арқылы қалыптастыру студенттердің шығармашылық

әрекеттерін, ынтасын дамытуға, қайсарлық пен табандылықа

тәрбиелеуге және көздеген мақсатқа жетуге деген өмірлік

ұстанымдарын қалыптастыруға итермелейді.

337
Акбаян Бижанова
Акбаян Бижанова
Автор статьи
Даша Букина
Редактор статьи
Популярные статьи

«12 месяцев» - сеть магазинов отделочных и строительных материалов по всему Казахстану.

1462
04 Ноября 2015
ТОО «Строй-инвест» это динамично развивающаяся инженерно-строительная компания, которая входит в число лучших на...
1010
26 Октября 2015
Astana Trans - транспортная компания занимающиеся своевременной доставкой транспортных средств по установленному месту назна...
962
30 Октября 2015
КНАУФ - международная компания, основанная на принципах семейного бизнеса и при этом сумевшая сохранить все ценности, несмот...
946
30 Октября 2015

AstudioDesign студия - это дружный коллектив профессионалов, творческих людей увлеченных своим делом.

902
29 Октября 2015
Фильтр
Найдено 5 
Подтвердите
Для того, что бы добавить товар в список желаний, Вам нужно