Выберите свой Регион
Тұранның 15 жылдық жетістігі

Сөз басын «Тұран» корпорациясының ұранымен бастағым келіп отыр,

«Тұран» ӨЗІНЕ СЕНЕТІНДЕР МЕН ТАБЫСҚА ҰМТЫЛАТЫНДАР ҮШІН!

 Ұлы Тұран даласының құрметіне аталатын қара шаңырағымыздың биыл 15

жылдық  мерейтойы. Тұран корпорациясының мерейтойы – бұл оқытушылар,

қызметкерлер ұжымы, оқушылар мен түлектер үшін айтулы мереке. Мұхтар

Әуезов мерейтойға қатысты былай деген екен: «Олар халықтың рухын

көтереді, халықты топтастырады, ұрпақтар байланысының үзілуіне

мүмкіндік бермейді». Міне,осы дәстүрлі дағдымен біздің Тұранымыз да

мерейтойын тойлағалы отыр.

«Тұран» Қазақстандағы алғашқы және ең ірі жеке меншік жоғары оқу

орындарының бірі болып табылады. Әлемдік білім беру кеңістігіне бәсекеге

университет өзін қабілетті, жоғары сапалы білім мен жеке дамуын

қамтамасыз ететін, ғылыми инновациялық зерттеу жұмыстарын іске

асыратын, корпоративтік басқарудың тиімді жүйесі бар институт ретінде

таныта білді, менің ойымша заман талабына сай оқу орындарының ішінде өз

орнын алатын беделі мен атағы бар, біздің оқу ордасына биыл 15 жыл толып

отыр. Корпорациямыздың ұстаздары талантты жасөспірімдерді қажымай-

талмай дәрістеп келе жатыр. Білім нәрімен сусындаған колледж және

университет түлектері,  бірі өз білімдерін жер шарының атаулы жоғарғы оқу

орындарында дәлелдеп қана қоймай, еліміздің өркендеуіне ерен үлестерін

қосып жатса,енді бірі өзі білім алып шыққан ордасына оралып, 

ұстаздарының жолын жалғастырып келеді.

  Тіршілікке еніп, өмір көшіне ілескен соң өз ортасынан орын алуға,

білімнің шыңына шығуға, өнер-ғылым қууға, елінің тұғырын биіктетуге үлес

қосуға кімнің де таласы бар емес пе? Ұлы Абай: "Сен де бір кірпіш дүниеге,

кетігін тап та, бар қалан” , демекші әр кірпіштің дұрыс әрі орынды қалануына

біздің колледж ұстаздары аянбай қызмет етуде.

Университет ректоры-Алшанов Рахман Алшанұлы, экономика

ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласы мәслихатының

орынбасары , Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті

Тұранымыздың өркендеуінде аямай еңбек етті. Еңбек нарығына қажетті

жоғары кәсіби мамандарды даярлаудағы жұмыс барысында жылдар бойы

үлкен тәжірибе  жинақтады. Біздің білікті оқытушыларымыз заманауи оқу

бағдарламалар негізінде сабақ жүргізеді, ал біз жайлы жағдайда білім алып

отырмыз. Біздің білім алуымыз үшін мекемемізде көптеген жағдайлар

жасалған: интерактивті тақталар, зертханалар, кәсіби техникалармен

жабдықталған кең дәрісханалар, WI-FI-ы бар компьютерлік класстар,

сонымен қатар үнемі жаңа әдебиеттермен толығып тұратын кітапханамыз

бар. 

Студенттердің халықаралық дайындығының деңгейін қамтамасыз ету

жолында, біздің білім ордамыз шет елдермен, мысалға келтірсем: Малайзия,

Украина, Түркия, Германия, Ресей сынды мемлекеттермен қызықты

бірлескен жобалар ұсынылған келіссөздер жүргізуде.

Жоғары, орта кәсіби және орта оқу орындарының, ғылыми-зерттеу

орталықтарының және қоғамдық ұйымдардың ерікті бірлестігі ретінде

«Тұран» білім беру корпорациясының басты мақсаты – шығармашылық

әлеует, материалдық-техникалық, қаржылық және ұйымдастырылған қорлар

негізінде әртүрлі бағыттардың сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін білім,

құзырет және кәсіби дағдыларды жинақтаудың бірегей ықпалдасу ортасын

құру.

    Айта кететін болсам «Тұран» білім беру корпорациясы үзіліссіз

ұстанымдарды және көпсатылы білім беруді қамтамасыз ететін, біртұтас

кешенді білдіреді, және де өзіне мына төмендегіні қосады:

·     2 университетті (Алматыда және Астанада);

·     3 колледжді (Алматыда және Астанада);

·     мектеп-лицейді (Алматы);

·     «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешені. 

Мен «Тұран» университеті колледжінің, қазіргі уақытта 2 курс

студентімін. Халқымыздың керемет айтылған нақыл сөзі: «Тіл - өлшеусіз

қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.»

демекші, білім алып жатқан мамандығым «Аударма ісі». Бұл мамандықты

мен, мектеп қабырғасында білім алып жүрген уақытта таңдаған едім,

аудармашы – гид- экскурсовод, яғни шет елдерге демалысқа сапар шегетін

отандастарымызға, сонда-ақ еліміздің аумағына саяхат жасайтын шет

елдіктерге саяхаттар ұйымдастырып және оларды өткізумен айналысатын

тұлға. Мен жастайымнан интеллектуалды сайыстарға қатысқанды ұнаттым,

«Тұран» корпорациясы көптеген интеллектуалды-танымды ғылыми

ізденістерге қабілетті, өзінің интелектуалды және мәдени деңгейінің

жоғарылауына мүдделі, сонымен қатар қазіргі ғылыми білім төңірегінде жеке

пәндер бойынша білімді терең білуге және аудандағы ғылыми білімдерге

ұмтылатын жастар үшін, сан-түрлі сайыстар өткізеді. Осындай сайыстарға

қатысу арқылы мен, сертификат және жүлделі орындармен бірге , 5% - дан

басталатын жеңілдіктерге ие болған едім. Осы үшін «Тұран»

корпорациясына және де оқытушыларыма шексіз алғысымды білдіремін.

Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Бұл мәселеге

ата-бабаларымыз да көп көңіл бөлген . Біздің колледжіміздің де мақсаты да

осы оймен ұштасып жатыр. Ендеше осы жолдан айнымайық, колледжіміздің,

жалпы «Тұран» корпорациясының мерейі өсе берсін!

 

Талмай,талай білім берген елі үшін,

Кемел ордам кенде қалмай, кеңісін.

Сенің балаң, сендік түлек атану,

Мәңгі бақи ұлы бақыт мен үшін!

Ұстаздарым,уайым,қайғы жоқ болсын,

Көңілдерің әркездеде тоқ болсын.

Халқымызға пайдасын мол тигізер,

Түлеп ұшар түлектерің көп болсын!

559
Айданна Уркимбаева
Айданна Уркимбаева
Автор статьи
Даша Букина
Редактор статьи
Популярные статьи

«12 месяцев» - сеть магазинов отделочных и строительных материалов по всему Казахстану.

2220
04 Ноября 2015
ТОО «Строй-инвест» это динамично развивающаяся инженерно-строительная компания, которая входит в число лучших на...
1513
26 Октября 2015
Astana Trans - транспортная компания занимающиеся своевременной доставкой транспортных средств по установленному месту назна...
1382
30 Октября 2015
КНАУФ - международная компания, основанная на принципах семейного бизнеса и при этом сумевшая сохранить все ценности, несмот...
1317
30 Октября 2015

AstudioDesign студия - это дружный коллектив профессионалов, творческих людей увлеченных своим делом.

1316
29 Октября 2015
Фильтр
Найдено 5 
Подтвердите
Для того, что бы добавить товар в список желаний, Вам нужно